Ауыл мектептерінен 1 мыңға жуық оқушы зияткерлік байқауларға қатысу үшін арнайы дайындықтан өтуде

2 683

Фото: Оқу-ағарту министрлігіАуыл мектебінің оқушыларын зияткерлік олимпиадалар мен байқауларға дайындау мақсатында «Дарын» онлайн мектебі өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда оған II Республикалық ауыл олимпиадасының 940 финалисті сырттай қабылданып, білімін жетілдіруде. 

«Дарын» онлайн мектебінде республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздарын дайындаған мұғалімдер сабақ береді. Олар пәнді тереңдетіп оқытудан бөлек, пәндік олимпиадаларға дайындалу стратегиялары мен әдістерін үйретеді және пайдалы ресурстарды жеңіл қолдану тәілдерін түсіндіреді. Сабақтар қашықтықтан өтуде. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге бейімделген оқушылар сабақтарын 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастаса, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қатысушылар үшін сабақ 18 желтоқсанда басталды.

«Алдағы уақытта ауыл мектебінің оқушылары республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып, еліміздің мерейін үстем ететініне сенімдіміз», - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Карамбаев.

Еске сала кетейік, 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ауыл олимпиадасы Астана қаласында қараша-желтоқсан айларында 13 пән бойынша төрт кезеңде өткен болатын. Мақсат - ауылдық жерлердегі дарынды әрі қабілеті жоғары балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету.

Биыл мектепішілік кезеңге 113 мыңнан астам бала тіркелді, бұл 2023 жылға қарағанда бала санының 35 мыңға көбейгенін көрсетеді. Олардың ішінен ақтық мәреге жүлдемен жеткен 940 бала болашақ зияткерлік жарыстарға дайындалу мақсатында «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданған болатын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.