Дәлізде сабақ оқып жүрген оқушылар төрт ауысымдық мектепте білім алуда

298

Фото: https://goo.edu.kz/blogs/Сарыағаш ауданы, Нұрлы жол ауылындағы 700-ге жуық ауыл балалары ескі жатақханада оқып жүр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпапат агенттігі.



Үлкенім сағат 8-де барады, екінші ұл балам сағат 12-де мектепке келеді, үшіншім 14:00 -де оқиды. Төртіншім кішкентай қызым, екінші сынып оқитын қызым сағат 4-те келіп, 7 жарым 8 -де үйге қайтады кешкісін. Қазір мысалы кеш батып жатыр, ертең қыста мүлдем қараңғыда қалып кетеді. Мысалы бізде иттер бар, қыз баласын қорқамыз көшеге шығаруға, - дейді Сарыағаш ауданының тұрғыны Ботагөз Медешова



Ескі жатақханада небәрі 10-ақ бөлме бар. Сынып жетіспегендіктен тар дәлізге дейін парта мен орындықтарды қойып амалдауда. Ал мұғалімдер дәлізде отыр. 70 мұғалім бір үстелге сыйысуға мәжбүр. Мәселен, мектептің қос орынбасары мен психолог және медбикесі бір кабинетке жайғасқан. Басқа амалдары жоқ. Мектептің тақта, партасы жаңаланбағалы да қай заман, - дейді мұғалімдер.



Санэпидстанция "стандартқа сай емес" дейді. Тақталарың тесік, парталарың анау, есік алдында асфальт жоқ, - дейді. Оның бәрін мұғалімдер істемейді ғой. Есік алдын қолдан келгенше цемент құйдық, сөздің шыны керек. Қалқанша орнаттық оқушылар құламасын, мұзда тайғанамасын деп.  Қолдан келгенше істеп жатырмыз, сонда да мұғалімдерге 670 мыңнан артық айыппұл салады, төлейміз, - дейді Б.Омаров атындағы №50 мектептің мұғалімі Ержан Бекназаров