"Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы тағайындалды

366
Әнуар Жанғозин "Болашақ" Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Әнуар Жанғозин 1986 жылы дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "Математика" мамандығы бойынша және Назарбаев университетінің магистратурасын "Білім беруді басқару" мамандығы бойынша бітірген.

2008 жылдан 2011 жылға дейін "Назарбаев Зияткерлік мектептері" Әдіснамалық процесс департаментінің менеджері, директордың орынбасары болып жұмыс істеген.

2011 жылдан 2016 жылға дейін Назарбаев Зияткерлік мектебінде математика пәнінің мұғалімі, директор болып жұмыс істеген.

2017-2019 жылдары Нұр-Сұлтанда Білім басқармасының басшысы болған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.