Қазақстанда жылқы шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ашылады

2 722

Фото: pixabay.comҚазақстанда жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты ашылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жаңа құрылған институттың жұмысы - асыл тұқымды жылқылардың сапасын жақсартуға, жылқы шаруашылығын белсенді дамытуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және отандық тұқымды сыртқы нарыққа шығаруға бағытталған. Алдағы бес жылда асыл тұқымды жылқы санын 6-7 пайызға арттыру көзделіп отыр.


"Мемлекет басшысы 2028 жылы отандық тұқым қорының көлемін 80%-ға, оның ішінде элиталық тұқым көлемін кемінде 15%-ға дейін жеткізуді тапсырды. Бізде әлеует жеткілікті. Ғылыми институттар қазірдің өзінде астықтың өнімділігін арттыратын тұқым сорттарын шығарып жатыр. Біз үздік әлемдік практикаларды қолдана отырып, агрономия ғылымын одан әрі дамытатын боламыз. Ауыл шаруашылығы және Ғылым және жоғары білім министрліктері аталған мәселе бойынша жүйелі шешімдер дайындауы керек", - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Ақтөбе филиалы базасында Жылқы шаруашылығы институты құрылып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі алдына институттың биыл толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті рәсімдердің барлығын осы жылдың соңына дейін аяқтау міндеті қойылды. Инновациялық технологияларды енгізу және агроөнеркәсіптік секторды қарқынды дамыту үшін әлемдік тәжірибені қолдануға ерекше назар аударылады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.