Ұстаздар күніне сыйлық аларда абай болу ескертілді

2 507

Фото: Opennews.kz ЖИҰстаздар күні қарсаңында алаяқтар мұғалімдерге сыйлық іздегендерді жаңа тәсілмен алдап жатыр. Бас прокуратура сыйлықтарды арзан бағамен ұсынып жатқан жалған интернет-дүкендерден сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Бас прокуратураның мәліметінше, алаяқтар мессенджерлер арқылы "ұстаздарға арналған сыйлықтар арзан бағамен сатылып жатыр" деген жалған сілтеме жібереді. Сайттың сыртқы көрінісі кәдімгі интернет-дүкеннен еш айырмашылығы жоқ.

“Алаяқтар алдау үшін жасанды интеллект көмегімен іс жүзінде жоқ тауарлардың суреттерін жасайды. Ал сатушының орнына сатып алушыға чат-бот жауап береді. Мұндай сайттар шынайы дүкендерге ұқсас, бірақ төлем жасағаннан кейін сатып алушының ақшасыз да, сыйлықсыз да қалу тәуекелі бар”, – делінген ведомство хабарламасында.

Бас прокуратура алаяқтарға алданып қалмау үшін бейтаныс адамдар жіберген сілтемелерге өтпеуге кеңес береді.

“Карта нөмірін, CVV және PIN-кодтарды, сондай-ақ SMS арқылы келген растау кодтарын ешкімге айтпаңыз. Дүкеннің шынайылығына көз жеткізбей тұрып ақша аудармаңыз. Тауар туралы ақпаратты дүкеннің ресми сайты немесе қосымшасы арқылы өзіңіз тексеріңіз. Егер күмәнді сайтқа карта деректеріңізді енгізіп қойсаңыз немесе шотыңыздан ақша алынғанын байқасаңыз, бірден банкке хабарласып, картаны бұғаттаңыз. Сондай-ақ полицияға арыз беріңіз”, – делінген хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.