Елімізде 1,5 млн оқушы қашықтан білім алады

293
600-ден кем оқушысы бар мектептерде оқыту штаттық форматта жүргізіледі. Ауылдағы балалар да дәстүрлі түрде білім алады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.

Санитарлық дәрігерлердің шешіміне байланысты барлық балабақша штаттық форматта жұмыс істейді. Мұны Білім министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова мәлімдеді.

Ал «елорда мен Алматы және Шымкентте сабақ қашықтан өтеді». Барлық қажетті техникалық құрал оқушыларға таратылған. Оның ішінде 800 мыңнан астам компьютер бар. Комитет төрайымының сөзінше жұмыс әр түрлі үлгіде жүргізіледі. Олар – синхронды және асинхронды форматтар. 

Жалпы ел бойынша 2 миллионнан астам бала штаттық форматта, ал, бір жарым миллионға жуық оқушы қашықтан білім алады.

Гүлмира Кәрімова, ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы:

– Сурет салу, музыкамен айналысу дегенде  оқушылардың сарайы бар. Осындай ұйымдар үшін жұмыс 10 балаға шектелген топтарда жекелей жүргізіледі. Және де штаттық формат бұл жерде сақталады. Біздің желіде сонымен бірге арнайы ұйымдар бар. Ол жерде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқыту ұйымдастырылады. Жалпы республика бойынша 160 мыңнан астам бізде ондай оқушылар бар. Осы оқушылардың жұмыстары әрқашандағыдай жекелей бір бала бір ұстаз немесе 2-3 баламен. Осы жағдайда 8 баладан артпаған жағдайда бұл жұмыс штаттық форматта жүргізіледі.