Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды
2026 жылғы 20 -шы шілдеде магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды, ол 10 -шы тамызға дейін жалғасады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініштер 1-ші маусым мен 8-ші шілде аралығында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қабылданды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 61 мыңнан астам өтініш (2025 жылы — 51 мың) қабылданған. Ең көп таңдалған білім беру бағыттары қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Бизнес, басқару және құқық». Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Тестілеуге 3 сағат 55 минут беріледі. Шекті балл -75 балл, оның ішінде шет тілі бойынша кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша - кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша - кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша - кемінде 7 балл.
Бейінді магистратураға түсуге ниетті түсушілер тек білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Шекті балл кемінде 30 балл, оның ішінде бірінші бейінді пән бойынша - кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша - кемінде 7 балл.
Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-18 -ші тамыз аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 25-ші тамызға дейін жарияланбақ. Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдау 28 - ші тамызға дейін дейін жүргізілмек.







