Білім беру саласының мамандары Парламенттің 30 жылдық медалімен марапатталды
Оқу-ағарту министрлігінде «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарын тапсыруға арналған салтанатты іс-шара өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
— Мерекелік медальдар Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлеріне көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, саланың заңнамалық негіздерін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін табысталды, — делінген хабарламада.
«Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен төмендегі қызметкерлер марапатталды:
• Гүлден Ақитаева — Заң департаментінің директоры;
• Ақзира Қасымова — Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры;
• Гүлнар Искакова — Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры;
• Фариза Дүйсенбаева — Заң департаменті директорының орынбасары;
• Жомарт Қарамбаев — Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары;
• Юлия Овечкина — Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары;
• Стелла Ибраева — Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары;
• Гүлсила Мұздыбекова — Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары;
• Динара Абылқанова — Мектепке дейінгі білім беру департаменті директорының орынбасары;
• Гүлвира Ошақбаева — Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің басқарма басшысы;
• Махаббат Бегалина — Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы;
• Жұлдыс Елубаева — Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің басқарма басшысы;
• Сәуле Есіркепова — Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы;
• Ақтоты Кемалова — Орта білім беру комитетінің басқарма басшысы;
• Айгүл Жұмағұлова — Мектепке дейінгі білім беру департаментінің басқарма басшысы;
• Тимур Қастуғанов — Үкімет Аппаратының бас инспекторы;
• Жәдігер Қожахмет — Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры.
Салтанатты іс-шарада сөз сөйлеген Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Парламенттің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан айрықша үлесін атап өтіп, тәуелсіздік жылдары қабылданған заңдар білім беру жүйесін кезең-кезеңімен жаңғыртуға, ауқымды реформаларды іске асыруға және білім сапасын арттыруға берік негіз болғанын айтты.
Жұлдыз Сүлейменова марапат иелерін жоғары мемлекеттік наградамен құттықтап, олардың көпжылдық адал еңбегі, кәсібіне деген адалдығы және білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.







