Мектептерде бала саны көбейіп, сабақ уақыты қысқарып жатыр
Қазақстанның бір өңіріндегі мектептерде өзгеріс енгізілді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Павлодардағы барлық мектептерде сабақтар 40 минуттан өткізіледі. Мысалы, қаладағы №39 мектепте екінші ауысым оқушыларының сабақтары 19:30-да аяталады. Білім басқармасының мәліметінше, қоңыраулар кестесі бекітілген денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес жасалған. Рұқсат етілген ең көп сабақ уақыты - 45 минут. Бұрын сабақ уақыты әр мектепте әртүрлі болған.
Ең аз үзіліс уақыты – 5 минут. Қоңыраулар кестесі қазір көпшілік мектепте бірдей. Кейбір мектептерде тамақтануға байланысты үзіліс уақыттарында өзгерістер бар.