Мектептерде педагог-психолог сағаты енгізілмек

2 511

фото: Алматы әкімдігі«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға 40 көмек кабинеті ашылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

 Бүгінде елімізде 20 психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді. Барлық мектепте қауіпсіздік сабақтары мен «111» байланыс орталықтары енгізілген. Тұжырымдама аясында мектептерде педагог-психолог сағатын енгізу, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға 40 көмек кабинетін ашу жоспарланды, - деді министр.

Оның айтуынша, бұзушылық фактілерінің алдын алу және психологиялық көмек көрсету бойынша барлық шара әрбір баланың қауіпсіз ортада өмір сүруінің негізі саналады.

Жалпы алғанда, соңғы жылдары балалардың қауіпсіздігін жақсарту үшін бірқатар жүйелі шара қабылданды. Білім беру мекемелері техникалық қауіпсіздік жабдықтарымен толық жабдықталған. Жазғы лагерьлердің қызметін лицензиялау 2026 жылдың 1 сәуірінен, ал мектепке дейінгі мекемелерді 2027 жылға жоспарланған. Балаларды зиянды ақпараттан қорғау шараларының бірі – заңсыз мазмұндағы ақпаратты жоймағаны үшін онлайн платформаларға жаза күшейтілді, - деді Жұлдыз Сүлейменова