Қазақстан азаматы Жапониядағы университеттің вице-президенті болып тағайындалды

2 466

Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіМедицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Мейірманов Жапонияның беделді Рицумейкан Азиаттық-Тынық мұхит университетінің (Ritsumeikan Asia Pacific University – APU) вице-президенті (проректоры) лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

APU университеті Жапонияның Беппу қаласында орналасқан.


Вице-президент лауазымына тағайындалғанға дейін профессор Серік Қасымханұлы APU университетінде академиялық істер жөніндегі декан (Dean of Academic Affairs) қызметін үш жыл бойы табысты атқарды. Осы кезеңде ол оқу бағдарламалары мен университеттегі академиялық ортаның дамуына елеулі үлес қосты. Оның бай тәжірибесі мен біліктілігі (MD, PhD) оны жаңа басшылық қызметке лайық етті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.