Білім беру саласына ЖИ енгізу жобасы басталды

2 514

 Фото: ©Bilim Group баспасөз қызметіҚазақстанда білім беру саласына жасанды интеллект құралдарын енгізу мақсатында ұлттық жоба іске қосылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап. 

Bilim Group баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба аясында 165 мың педагог арнайы әзірленген ChatGPT Edu жүйесіне қол жеткізе алмақ. Бастама білім беру саласына жасанды интеллектіні енгізу бойынша мемлекеттік қолдауға ие болған ірі жобалардың бірі. OpenAI өкілі Кевин Миллстің айтуынша, жасанды интеллект технологиялары білім беру саласында әр адамның әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқармақ. Қазақстан мен OpenAI арасындағы серіктестік педагогтерге пайдалы құралдар ұсыну арқылы оқуға қолжетімділікті арттыруға және ЖИ дағдыларын меңгерудегі алшақтықты жоюға бағытталған. Бұл қадам білім беру жүйесінің болашағына ұзақ мерзімді ықпал етпек.

ChatGPT Edu лицензиялары мектепке дейінгі ұйымдардан бастап, мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары және Astana Hub сияқты ұйымдарға таратылады. Жоба Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрліктерінің қатысуымен жүзеге асырылып жатыр. Лицензиялар тегін ұсынылып, оларды іске қосу BilimClass платформасы негізінде әзірленген ai.bilimclass.kz сервисі арқылы жүргізіледі.

ChatGPT Edu – бұл тек технологиялық құрал ғана емес, сонымен бірге қазақстандық педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған инвестиция. Жобаның мақсаты – педагогтерге жасанды интеллект мүмкіндіктерін меңгеруге және оны күнделікті жұмыста тиімді пайдалануға жағдай жасау. Бұл технология педагогтердің жұмыс жүктемесін азайтып, білім сапасын арттыруға ықпал етеді, - дейді Bilim Group IT холдингінің бас директоры Александр Савченко.