Келесі жылдан бастап ҰБТ тек бір рет өткізіледі

2 505

Фото: ©freepik.comПремьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда енді жоғары оқу орнына түсуге арналған Ұлттық біріңғай тестілеу тек бір рет өткізілетінін мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 Бүгінде әлем елдері білім беруді жаңартып, цифрлық жүйелер мен жаңа әдістерді енгізіп жатыр. Сол арқылы балалардың қабілетін ерте анықтап, оларды болашақта қажет мамандықтарға жақсырақ дайындауға мүмкіндік бар.

“Бұл – кезекті реформа емес, сапалы жаңа кезеңге көшу. Көпжылдық тәжірибе ҰБТ жүйесі жоғары оқу орындарына түсу кезінде ашықтықты, қолжетімділікті және бірыңғай талаптарды қамтамасыз ететін тиімді құрал екенін көрсетті. Алайда әр заманның өз талабы бар. Уақыт өте келе білім берудегі трендтер, еңбек нарығы, құзыреттер мен ережелер өзгеріп жатыр. Біз білім саласында кеткен кемшіліктерді анықтап, оларды түзетуіміз қажет. Атап айтсақ, ҰБТ-ны бірнеше рет тапсыру жүйесі талапкерлерді сапалы іріктеу мәселесін толық шешпейді”, – деді ол

Балаева осы тұста елімізде жоғары оқу орындарының көпшілігі білімді, дарынды жастарды өздері еркін іріктей алмайтынын алға тартты. Бұл мәселе әсіресе педагогикалық жоғары оқу орындарына көбірек қатысты. Осыған байланысты министр бірқатар шаралар қабылданатынын мәлімдеген.  Педагогикалық жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдағанда тестілеу мен арнайы емтихандарды бірге қолданатын аралас жүйе енгізу. Бұл кезде тек пәндік білім ғана емес, сонымен қатар ойлау қабілеті, талдай білуі, оқуға дайындығы сияқты маңызды дағдылар да ескеріледі. “Өйткені "педагог" - жай ғана мамандық емес. Бұл - балалармен жұмыс істейтін, үлкен жауапкершілік жүгін арқалаған тұлға. Сондықтан бұл мамандық үшін біліммен қатар, сыныппен жұмыс істеу, оқушылардың ерекше қабілеттерін анықтай білу аса маңызды.