Мектеп оқулықтары төртінші рет қайта жаңартылады

2 503

Фото: © Tengrinews.kzБұл тәуелсіздік жылдарындағы оқулықтарды жаңартудың төртінші ауқымды науқаны болмақ,- деп хпбпрлпйды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Kaz.tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Елде оқулықтарды жаңартуды көздейтін кезекті реформа жоспарланып жатыр. Білім беру материалдарын кезең-кезеңімен өзгерту үш жылға созылады. Оқу-ағарту министрлігі бұл шара мектеп оқушыларын даярлау сапасын арттыруға, олардың ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ заманауи экономика талаптарына бейімделуге көмектесетініне сенімді.  Бұл тәуелсіздік жылдарындағы оқулықтарды жаңартудың төртінші ауқымды науқаны болмақ. Осыған дейінгі өзгерістер мемлекеттік бюджетке қатысты мәселелерді былай қойғанда, мамандар мен ата-аналар тарапынан жиі сынға ұшыраған болатын. Білім беру материалдарын кезең-кезеңімен өзгерту үш жылға созылады. Оқу-ағарту министрлігі бұл шара мектеп оқушыларын даярлау сапасын арттыруға, олардың ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ заманауи экономика талаптарына бейімделуге көмектесетініне сенімді.

- Төртінші реформа, оқулықтардың төртінші нұсқасы

Мектеп оқулықтарының кезекті рет жаңартылатыны туралы 2026 жылдың наурызында белгілі болды. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Ауқымды өзгерістер үш жыл ішінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:
2026 жылы 3, 4, 7, 8 және 9-сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылады.

2027 жылы 1 және 5-сыныптарға арналған жаңа оқулықтар шығарылып, 10–11-сынып оқулықтарындағы карталар, тарихи және әкімшілік материалдар ауыстырылады.

2028 жылы 2 және 6-сынып оқулықтары жаңартылады.