Мектептерге дзюдо үйірмелері енгізіледі

2 513

Фото: inbusiness.kzКелер жылдан бастап Қазақстанның 217 мектебінде дзюдо секциялары ашылады,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жоба аясында Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) мектеп оқушыларына арналған арнайы жеңілдетілген оқу бағдарламасын ұсынды. Аталған бағдарлама балалардың жас ерекшелігі мен қауіпсіздігін ескере отырып әзірленген.

Алдағы үш жыл ішінде дзюдо үйірмелерінің санын республика бойынша мың мектепке дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл ретте ауыл мектептеріне басымдық беріледі.

Сонымен қатар, бастама шеңберінде дзюдо бапкерлерін даярлау, олардың біліктілігін арттыру және кәсіби деңгейін көтеру мәселесіне ерекше көңіл бөлінбек.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.