Қызылордада «Мағжан оқулары» байқауының жеңімпаздары анықталды

1 335

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен 7 және 11 сынып оқушылары арасында Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету мақсатында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының қалалық кезеңі өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Шығармашылық байқауға жалпы білім беру ұйымдарынан елуге жуық оқушы қатысып, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде, «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағыты бойынша №218 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Амангелді Жансая жүлделі І орын алып, облыстық кезеңде ІІІ орынға ие болды. 


Ал, «Жасынан оқу оқып, өнер қуған» бағытында Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Сақтаған Еңлік І орынға лайық деп танылды. Еңлік облыстық кезеңде де топ жарып, республикаға жолдама алды. 


Келесі «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» кезеңі бойынша №143 орта мектептің 10-сынып оқушысы Өмірбек Нұрасыл да қалалық кезеңде І орын алып, облыстық кезеңде топ жарды. Нұрасыл алдағы республикалық кезеңде бақ сынайтын болады. 


Жүлдегер шәкірттерімізді құттықтай келе, республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.