"Орамал тағуды міндеттемейді": Діни басқармасы оқушы қыздардың мектепте орамал тағуына қатысты пікір білдірді

1 474

ҚМДБ мектепте орамал тағуға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook-тағы парақшасында жазды.  


«Иманды, білімді ұрпақ тәрбиелеу – әрбір ата-ананың басты мақсаты. Шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу – парыз. Сол секілді білім алудың да үкімі – парыз. Мүфтият шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз екенін жоққа шығарған емес. Сондай-ақ орамал тағу – ұлттық дәстүріміз. Мұны мұсылман қауымы терең түсінуі тиіс.


Алайда шариғатымыз балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді. Мұны да мұсылман жамағаты дұрыс түсінуі керек. 


Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруына қатысты қоғамда түрлі пікірлер айтылады. Бұл мәселе мүфтият қызметкерлерін де бей-жай қалдырмайды.


ҚМДБ өз құзыреті аясында бұл мәселеге қатысты өкілеттік мемлекеттік мекемелерге тиісті ұсыныстар берді. Мұсылман жамағатының өтініші ескеріліп, оң шешім қабылданады деп үміттенеміз», – деп жазды баспасөз хатшы Ағабек Қонарбайұлы.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.