Қазақстан мен Қытай су саласының мамандарын даярлайтын колледж құрмақ

2 605

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігіҚазақстан мен Қытай су шаруашылығы саласының мамандарын даярлайтын бірлескен колледж құруды пысықтап жатыр,-  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан мен ҚХР еліміздің су шаруашылығы саласына жұмысшы кадрлар даярлайтын бірлескен колледж құруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, колледжді құрудың ұйымдастырушылық-құқықтық моделін әзірлеу, су шаруашылығы саласының қажеттіліктерін ескере отырып, басым бағыттағы мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын дайындау және келісу көзделген.

Сондай-ақ су шаруашылығы объектілерінде өндірістік тәжірибеден өтіп, дуальды оқытуды енгізу және оқу жоспарларын, зертханалық базаны және біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеуге қытайлық серіктестерді тарту көзделеді.

"Бұл жобаны іске асыру қытай тарапының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Колледж білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қытайлық серіктестермен бірлесіп, қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Биыл Power China компаниясының есебінен Қытайға оқуға 200 адам жіберіледі. Былтыр көрші елде су шаруашылығы саласындағы 125 маманымыз білімін жетілдірген болатын.", — деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновациялық технологиялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпова.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.