Колледждерде сырттай оқуға болатын мамандық саны 595-тен 53-ке дейін қысқартылды

603
ҚР Білім және ғылым министрлігі елдегі колледждерде сырттай оқуға арналған біліктілік тізімін айтарлықтай қысқартты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, екі жылдан астам уақыт бұрын 595 біліктілік бойынша сырттай білім алуға болатын. Енді студенттер 53 біліктілік бойынша білім ала алады.

 Сырттай оқу студенттерге сапалы дағдыларды бермейтіндіктен, министрлік оларды қысқарту бойынша кезең-кезеңімен жұмыс жүргізді. Бұл жолы сырттай оқу «Құқық», «Білім беру», «Сервис, экономика және басқару» және басқа да кадрларды даярлау бейіндері бойынша алынып тасталды.


«Бүгінгі таңда техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы кадрларды даярлауға қойылатын талаптарды еңбек нарығы мен жұмыс берушілер белгілейді. Ол үшін біз сырттай оқу түрінен бас тартып жатырмыз. Сондай-ақ мұндай шешімді қабылдауға түлектердің оқуды бітіргеннен кейін алатын білім мен дағдыларының жеткіліксіз сапасы себеп болды. Колледждер студенттерге жұмыс орнында білім алуға мүмкіндік беретін ірі кәсіпорындармен және бизнеспен тығыз байланыста жұмыс істейді. Яғни бұл оқытудың дуалды формасы. Бұл бүгіннің өзінде білім сапасына оң әсерін тигізіп келеді. Сырттай оқыту тізімінен талап етілмеген біліктіліктер, оның ішінде дайындық сәйкестігін ескере отырып, біреуіне біріктірілгендер алынып тасталды. Жалпы біз қысқарту жұмыстарын әрі қарай жалғастырамыз», - деп атап өтті ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.