«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

2 535

egemen.kz«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасы стипендиясы иегерлерінің тізімін жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«2024-2025 академиялық жылға арналған үкіметаралық гранттар шеңберінде Венгрияның жетекші жоғары оқу орындарында оқуға арналған қазақстандықтардың түпкілікті тізімі жарияланды. Тең баллмен жетім балаларға, бала кезінен мүгедектерге және мүгедек балаларға, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, ауылдық елді мекендерден келген үміткерлерге артықшылық берілді. Білім беру гранттарын беру туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдады. Грант оқу ақысын, стипендияны, жатақханада тұруды немесе жалға берілетін тұрғын үйге ақы төлеуді, сондай-ақ медициналық сақтандыруды қамтиды. Қосымша шығындарды грант иегерлері өз бетінше өтейді»,-делінген хабарламада.


Тізімді акционерлік қоғамның ресми сайтынан көруге болады.


Осыған дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өткенін хабарладық.


Республикалық комиссияның шешімімен 184 отандасымызға «Болашақ» стипендиясы тағайындалды. Олар магистратура және докторантура бағыттары бойынша әлемнің үздік университеттерінде білім алады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.