Елімізде студенттерге арналған жаңа грант түрі әзірленіп жатыр

817

"Қазақстан халқына" қоры студенттерге арналған оқу гранты түріндегі көмек көрсету бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бұл жөнінде 24 мамыр күні қор төрағасы Болат Жәмішев пен Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ЖОО ректорлары онлайн кездесуде айтты, -  деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Кездесу барысында Болат Жәмішев студенттерге арналған грант түрінде көмек көрсету бағдарламасын таныстырды. Грант бөлуге арналған талаптар, іріктеу механизмі Білім және ғылым министрлігімен бірге жасалмақ. Бұл процеске жоғарғы оқу орындары да белсенді қатысады. 

Бағдарламаны 1 қыркүйек іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар қор өкілдері тұрғындардан университеттегі оқу ақысын төлеп беру туралы өтініштің жиі түсетінін мәлімдеді.