Елімізде ЖОО оқытушылары мен ғылыми қызметкерлердің жалақысы өсті
2022 жылдың қараша айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесуде оқытушылар мен ғалымдардың жалақысын көтеруді тапсырып, студенттермен қатар еліміздің білім беру жүйесінде педагог та басты тұлғаға айналуға тиіс екенін атап өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына жоғары білім беру сапасын және ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыруға бағытталған өзгерістер енгізілді.
Мәселен, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының жалақы мөлшері 160,7 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін, ұлттық жоғары оқу орындарында 228,8 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін өсті.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18%-ға, 2024 жылғы қаңтардан бастап – 18%-ға, 2025 жылғы қаңтардан бастап – 17%-ға ұлғайтылды.