Қызылорда "Болашақ" университетінің профессор-оқытушылары Мемлекет басшысынан көмек сұрауда
327
1995 жылы ашылған «Болашақ» университеті сот шешімі бойынша білім беру құқынан айырылды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Іскерлік тəжірибенің жоғарғы сапасы үшін» Халықаралық қорының Алтын медалімен, Қазақ Швейцария Бизнес Клубын дамытудағы «Мінсіз іскерлік беделі үшін» Алтын медалімен марапатталған оқу ордасының оқытушылары мен студенттері Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлынан көмек сұрап арнайы видео жариялады.
Соттың шешімін "әділетсіз" деп таныған 220 оқытушы мен 5000-ға жуық студент білім ордасының білім алу үшін қолайлы жағдайлар жасалғандығын алға тартып, бір қателік үшін екі мәрте жаза көргендігін атап өтті.

"Мамандар даярлау сапасын арттыру мақсатында профессор-оқытушылар құрамы оқу үдерісінде оқытудың интерактивті әдістері, модульдік және дамыта оқыту мен сыни тұрғыдан ойлау технологиясы тәрізді заманауи білім беру технологияларын қолданылады. Білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру үшін университетте арнайы мақсаттағы оқу кабинеттері (компьютерлік сыныптар, лингафон кабинеттері), сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу-ғылыми үдерісті сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдармен, оқу жұмыс жоспарларымен және бағдарламалармен, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларымен және басқа да құжаттармен қамтамасыз етілген заманауи оқу зертханалары бар.",- деді оқытушылар.