Қорқыт ата университеті QS Eurasia Forum 2025 халықаралық форумына қатысты

2 542

Фото: kyzylorda-news.kzӨзбекстанның Ташкент қаласында 25-26 қараша күндері жоғары білім саласындағы маңызды халықаралық іс-шара – QS Eurasia Forum 2025 өтті,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Форум «Broadening horizons: Building global bridges in higher education» тақырыбымен ұйымдастырылып, аймақ университеттері арасындағы халықаралық байланыс пен білім серіктестігін нығайтуға арналды.

Іс-шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің жоғары оқу орындары, халықаралық сарапшылар мен министрлер қатысты. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек форумда академиялық ұтқырлықты арттыру, трансұлттық бағдарламаларды дамыту және халықаралық серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.

Форумда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті “QS Stars” сертификатына ие болды. Сондай-ақ университет QS Asia University Rankings 2026 рейтингінде 593-орын алды.

QS Eurasia Forum 2025 Қорқыт ата университеті үшін халықаралық білім беру кеңістігіндегі беделін арттырып, жаңа серіктестік бағыттарын айқындаған маңызды алаңға айналды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.