Мектеп түлектері ҰБТ-ға дайындық үшін онлайн байқау сынақтарын тапсыра алады

2 825

Ұлттық тестілеу орталығы байқау сынақтарын іске қосты. Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Байқау сынағы оқуға түсушілерге ҰБТ-ға дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Талапкерлерге ҰТО сайтында сілтемесі бойынша онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі.


2024 жылғы ҰБТ-да пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда, "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұрады. Атап өтсек, бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады.

"Осы өзгерістерді есепке ала отырып, біз жаттықтандыру тестін іске қостық. Қазір талапкерлер үшін байқау сынағының бір нұсқасы қолжетімді, жақын арада тағы да бірнеше нұсқа қосылады. Сондай-ақ, оқу жылының басында ҰТО сайтында тест тапсырмалары құрастырылған әдебиеттер тізімі мен тест жоспары; "Қазақстан тарихы" және "Дүниежүзі тарихы" пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі; "Информатика" пәнінен терминдер тізімі; "Қазақ әдебиеті" және "Орыс әдебиеті" бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды. Дайындық сапасын жақсарту үшін осы және басқа да қабылданған шаралар түлектерімізге ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетуге көмектеседі деп үміттенеміз", – деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.