Тестілеуде ереже бұзған 21 адамның нәтижелері жойылды

540
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев елімізде  ҰБТ-ның қалай өтіп жатқаны туралы ақпаратпен  бөлісті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі 

"Өткен аптада тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан барлығы 21 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды", - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры.

 
Ол жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлерді қайта бақылау барысында ерекше назарға түскен тестіленуші туралы айта кетті.
 
"Тест тапсырушы қаңтар айында 72 балл, ал негізгі ҰБТ-да 130 балл жинаған. Нәтижесі бірден 58 балға өскен, сондықтан біз қосымша күшейтілген бақылауды өткізуді жөн көрдік. Бейнежазбаларды тексеру кезінде талапкердің ҰБТ ережелерін бұзғаны белгілі болды. Ол тестілеуде бейнекамера мен кішкентай құлаққап пайдаланған,"деп түсіндірді Емелбаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.