Тестілеуде ереже бұзған 21 адамның нәтижелері жойылды

542

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев елімізде  ҰБТ-ның қалай өтіп жатқаны туралы ақпаратпен  бөлісті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі 

"Өткен аптада тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан барлығы 21 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды", - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры.

 
Ол жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлерді қайта бақылау барысында ерекше назарға түскен тестіленуші туралы айта кетті.
 
"Тест тапсырушы қаңтар айында 72 балл, ал негізгі ҰБТ-да 130 балл жинаған. Нәтижесі бірден 58 балға өскен, сондықтан біз қосымша күшейтілген бақылауды өткізуді жөн көрдік. Бейнежазбаларды тексеру кезінде талапкердің ҰБТ ережелерін бұзғаны белгілі болды. Ол тестілеуде бейнекамера мен кішкентай құлаққап пайдаланған,"- деп түсіндірді Емелбаев.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.