Ер адам баласының сыныптасын тұншықтырып, ұрған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Әлеуметтік желіде белгісіз ер адам мектепке кіріп, сыныпта отырған біреудің кішкентай баласын ұрып-соққаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Осыған қатысты Алматы полициясы мен Балалардың құқықтарын қорғау комитеті пікір білдірді.
Бұл туралы таяқ жеген баланың анасы өзінің Instagram –дағы парақшасында жазды.
Айтуынша, ұлын сыныптасының әкесі ұрып-соғып, тұншықтырған.
Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, келеңсіз жағдай 2 ақпанда болған.
Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті де Алматыда болған жағдайға байланысты түсінік берді.
Қаз
Рус






