Биыл мектеп бітірген түлектердің 4 пайызы «Алтын белгі» иегері атанды
2024 жылы 11 сыныпты 186 мың түлек бітірді. Оның ішінде 7 420 түлек "Алтын белгі" белгісімен марапатталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестат алды.
Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) аралық нәтижелерін таныстырған болатын.
Негізгі ҰБТ басталғалы 164 мың адам сынақтан өтті. Оның ішінде талапкерлердің 74 пайызы қазақ тілінде, 26 пайызы орыс тілінде, 115 пайызы ағылшын тілінде тапсырған.
ҰБТ басталғалы бері талапкерлердің 76 пайызы шекті баллға қол жеткізді.
"Алтын белгі" иегері атанған 236 ақмолалық 100 мың теңгенің сертификатына ие болды.