Алматыда жаңа Оқушылар үйі салынды

2 686

Фото: Алматы әкімдігіАлматыда Жамбыл көшесі, 170А мекенжайында ескі ғимараттың орнына жаңа, заманауи Оқушылар үйі салынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жаңа Оқушылар үйі бұрынғыдан 2,5 есе көп бала қабылдай алады – күніне 400-ге дейін оқушы білім алады. Орталықта робототехника және IT кабинеттері, шығармашылықпен айналысуға арналған сыныптар, амфитеатр мен бассейн қарастырылған.

1951 жылы салынған ескі ғимарат сейсмикалық талаптарға сай болмағандықтан, оны бұзу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ әкімнің тапсырмасы бойынша Мәуленов көшесіндегі жекеменшік балабақша ғимараты мемлекеттік меншікке қайтарылды. Ол сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп, жөндеуден кейін 2026 жылдың соңына дейін 100 орындық жаңа балабақша ретінде ашылады.

Тастақ шағын ауданында әбден тозған ескі ғимараттың орнына 240 орындық жаңа балабақша салынады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.