Мектептер үшін жаңа тамақтану талаптары енгізілді

2 516

Фото:© Ақтөбе облысының әкімдігіҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен білім беру ұйымдарындағы тамақтану талаптарына өзгерістер енгізілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Мектептердегі тамақтану талаптары жаңартылған. Жаңа құжатта негізгі ұғымдар нақтыланып, тамақтануды ұйымдастыру тәртібі қайта қаралды. Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің міндеттері де кеңейтіліп, нақты талаптар енгізілді. Енді мектеп медицина қызметкері:

-Дұрыс тамақтану қағидаларын енгізіп, оның сақталуын қадағалайды;

-Тағам сапасын бақылау комиссиясының жұмысына қатысады;

-Тағам таратылар алдында ас дайындайтын жерде дайын астың сапасын күнделікті тексеріп, нәтижесін журналға тіркейді;

-Ерекше тағам қажет ететін оқушылардың тізімін жасап, олардың тамақтануын бақылауда ұстайды;

-Оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдерге аурудың алдын алу, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану тақырыбында дәрістер, семинарлар өткізеді;

-Мәзір өзгерген жағдайда тағамның мөлшерін, құрамын және калория мөлшерін қадағалайды;

-Асхана қызметкерлерінің денсаулығын апта сайын тексереді;

-Тамақтану процесінде санитарлық талаптардың сақталуын бақылап, кемшіліктерді дер кезінде жояды.

Құжатта балалардың дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыруға ерекше мән берілген. Осы мақсатта мектептерде тәрбиелік және ақпараттық шаралар жүргізіледі:

-Оқушыларға дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салты туралы түсінік беру үшін арнайы «Денсаулық бұрыштарын» ұйымдастыру;

-Дұрыс тамақтану және оның денсаулыққа әсері туралы плакаттар, буклеттер, жадынамаларды әзірлеп, ілу және тарату;

-«Қауіпсіздік сабақтары» аясында жылына кемінде екі рет сынып сағаттарын өткізу;

-Оқушылар мен олардың ата-аналарына тамақтану әдебі, тағамның пайдасы мен зияны туралы түсіндіру;

-Дұрыс тамақтануды насихаттайтын байқаулар мен акциялар ұйымдастыру;

-«Дұрыс тамақтану апталығын» өткізу;

-Мектеп асханаларында тағамға қосымша тұз қоспау арқылы тұз тұтынуды азайту (ас үстелдерінен тұз салғыштарды алып тастау);

-Оқушылар мен ата-аналарға дұрыс тамақтану туралы ақпаратты мессенджерлер және мектептің ресми сайттары арқылы тарату.

Мектеп асханаларында және тамақтану орындарында сатылатын азық-түлікке қойылатын талаптар жаңартылды. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарындағы тамақтану нормалары нақты бекітілді. Жаңа бұйрық 2026 жылғы 31-ші наурыздан бастап күшіне енеді және мектептерге дұрыс тамақтану саясатын кезең-кезеңімен енгізуге мүмкіндік береді. Бұл шаралар оқушылардың денсаулығын сақтау, дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру және әлеуметтік жауапты тамақтануды қамтамасыз етуге бағытталған.