Қазақстанда 2024 жылы шәкіртақы қанша теңге болады?

2 779

Елімізде 2024 жылы студенттердің шәкіртақысы қандай болады? Сұраққа Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті ресми жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


2025 жылға дейін бакалавриат студенттерінің шәкіртақысын жыл сайын 20 пайызға, магистратура мен докторантураға жыл сайын 15 пайызға арттыру жоспарлануда. Комитет 2024 жылы шәкіртақы мөлшері келесідей болатынын түсіндірді:


  • Бакалавриат – 47 135 теңге (педагогикалық бағыттар үшін – 75 600 теңге);
  • магистратура – 107 061 теңге;
  • докторантура – 240 000 теңге.