Қаңтар ҰБТ-сын 36 мың адам тапсырды
2026 жылдың 10- шы қаңтарында басталған ҰБТ-ны бүгінгі күнге дейін 36 мыңнан астам адам өтті,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агеннттігі.
Талапкерлердің 64%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 36%-ы орыс тілінде және 52 адам ағылшын тілінде тапсырған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 156 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.
Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады.
ҰБТ-ны өткізудің бірінші аптасында 94 ереже бұзушылық анықталған. 56 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілген. Тағы 38 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған, олардың нәтижелері жойылған. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.
2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін 31- ші қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.







