Елімізде колледжерге бөлінетін қаржы көбейеді
Қазақстанда колледжерге бөлінетін қаржы өседі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Ғани Бейсембаев айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ведомство басшысының айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсіптік білімді реформалаудың экономиканы дамытудағы рөліне айрықша тоқталып, 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялаған.
"Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін әлемдегі тенденцияларды және ішкі сын-қатерлерді есепке ала отырып кәсіптік білім жүйесі трансформацияланады", - деді Ғани Бейсембаев.
Сондықтан техникалық және кәсіптік білім жүйесінің қаржылық моделінің жаңартылады.
"Біріншіден, колледждерді қаржыландыру көздері әртараптандырылуы тиіс. Оларға тоқталып өтсем:
Мемлекеттік білім беру тапсырысы;
Кадрларды даярлауға мақсатты тапсырыстар беретін жұмыс берушілер;
Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының тауарлар мен қызметтерді өндіру есебінен түсетін өз табыстары", - деді министр Үкімет отырысында.
Екіншіден, бұл жан басына шаққандағы нормативке қатысты.
Министр жалпы колледждерді жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің мөлшерін ұлғайту үшін 2025-2027 жылдарға арналған қосымша қажеттілік көлемі 178,3 млрд теңге болатынын атап өтті.