Мектеп бітіру кешін мейрамханада өткізуге тыйым салынды

2 507

Фото:© depositphotos.comҚазақстанда мектеп бітіру кештерін мейрамхана, кафе, банкет залдары мен табиғат аясында өткізуге тыйым салынды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпараттық агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығына сәйкес салтанатты іс-шараларды білім беру ұйымдарынан тыс жерде өткізуге рұқсат жоқ.   Ата-аналардан және білім алушылардан салтанатты іс-шараларға байланысты ақша жинауға, сыйлықтар мен өзге де материалдық құндылықтар талап етуге жол берілмейді. Аттестаттар мен дипломдарды салтанатты тапсыру рәсімі тек мектеп қабырғасында ұйымдастырылады. Министрлік бұл шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мақсатында қабылданғанын мәлімдеді. Биыл ел бойынша 215 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді.