ҚЫЗЫЛОРДА ТАЛАПКЕРЛЕРІНЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2 522

Фото: gov.kzАрал ауданына ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры Жандос Базартай мен «Heriot-Watt» университетінің өкілдері келіп, биылғы бітіруші түлектерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Олар талапкерлердің ЖОО-на оңтайлы әдіспен құжат тапсыруы, мамандық таңдау, грант бөлінісі мен оған түсу ықтималдығына өз бетінше анализ жасау және мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі кеңестер туралы айтып берді. Сондай-ақ шетелге шықпай-ақ халықаралық диплом алудың жолдары түсіндірілді.


Жиынға бітіруші түлектермен қатар мектеп директорлары, орынбасарлары және ата-аналар қауымы қатысып, спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.


Талапкерлерге арналған түсіндіру жұмыстары ертең, 21 маусым күні, Жаңақорған, Шиелі аудандарында жалғасын табады.