Студенттерді қорқытып, ақша бопсалап келгендер ұсталды
Павлодар облысында студенттерді “өлтіреміз” деп қорқытып, ақша бопсалап келгендер ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Павлодар мен Екібастұз қалаларында бір топ жігіт жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттерінен ақша бопсалап келген.
Полицияның мәлімдеуінше, бұл жағдайдың ұзақ уақыт бойы жалғасқан. Бопсалаушыларды ұстауға кім көмектескені де әзірге белгісіз. Тек арнайы операция бір мезгілде екі қалада қатар өткізілгені белгілі.
Полиция бөлімшесі күдіктілерге қатысты кемінде 10 факті тіркелгенін айтады.
Қаз
Рус






