Мектеп оқушылары IJSO-2025 халықаралық олимпиадасында бақ сынады
Сочиде өткен мектеп оқушылары арасындағы IJSO-2025 халықаралық жаратылыстану олимпиадасы өз мәресіне жетті. Биылғы додаға әлемнің 21 елінен 120-дан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша білімдерін сарапқа салды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы алты оқушы мен үш жетекшіден құралды. Қатысушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына алты медаль салды.
Күміс медаль иегерлері:
Ратмир Кутырев – Алматы қаласындағы РФММ, 10-сынып оқушысы.
Даниил Перепелица – Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі, 9-сынып оқушысы.
Мухаммад Сыздықов – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған БИЛ-интернаты, 10-сынып оқушысы.
Қола медаль иегерлері:
Тимур Алпысбаев – Астана қаласындағы "NURORDA" мектеп-лицейі, 9-сынып оқушысы.
Ерасыл Дүйсенбеков – Абай облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған БИЛ, 10-сынып оқушысы.
Нұрсейіт Сейтқазиев – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған БИЛ-интернаты, 9-сынып оқушысы.
Оқу-ағарту министрлігі қазақстандық оқушылардың жетістігі елдің жаратылыстану бағытындағы білім беру деңгейінің жоғары екенін айтты.







