Мектеп оқушылары IJSO-2025 халықаралық олимпиадасында бақ сынады

2 521

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Оқу-ағарту министрлігіСочиде өткен мектеп оқушылары арасындағы IJSO-2025 халықаралық жаратылыстану олимпиадасы өз мәресіне жетті. Биылғы додаға әлемнің 21 елінен 120-дан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша білімдерін сарапқа салды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасы алты оқушы мен үш жетекшіден құралды. Қатысушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына алты медаль салды.

Күміс медаль иегерлері:

Ратмир Кутырев – Алматы қаласындағы РФММ, 10-сынып оқушысы.

Даниил Перепелица – Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі, 9-сынып оқушысы.

Мухаммад Сыздықов – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған БИЛ-интернаты, 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

Тимур Алпысбаев – Астана қаласындағы "NURORDA" мектеп-лицейі, 9-сынып оқушысы.

Ерасыл Дүйсенбеков – Абай облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған БИЛ, 10-сынып оқушысы.

Нұрсейіт Сейтқазиев – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған БИЛ-интернаты, 9-сынып оқушысы.

Оқу-ағарту министрлігі қазақстандық оқушылардың жетістігі елдің жаратылыстану бағытындағы білім беру деңгейінің жоғары екенін айтты.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.