Жалған дипломмен сабақ берген 9 мұғалімнің өтірігі ашылды

365

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Прокурорлар Маңғыстау облысындағы мектептерде жалған диплом пайдаланудың тоғыз дерегін анықтады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Мысалы, Қарақия ауданындағы Аққұдық орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі жалған дипломмен жұмыс істеген. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі ("Көрінеу жалған құжат пайдалану") бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.


"Ұқсас деректер Ақтау қаласындағы екі мектепте (қазақ тілі мен қазақ әдебиеті), Жаңаөзен қаласындағы үш мектепте (орыс тілі, бастауыш сынып мұғалімі), Мұнайлы ауданындағы екі мектепте (бастауыш сынып мұғалімдері), Бейнеу ауданындағы бір мектепте (бастауыш сынып мұғалімі) анықталды. Оларға қатысты соталды тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.