Оқытушылардың жалақысы айтарлықтай көтерілуі мүмкін
Университет оқытушыларының жалақысы көтерілуі мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің басшысы Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Ол комитет депутаттары республикалық бюджет жобасына ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруге қатысты түзету енгізгенін атап өтті.
Оқытушыларлың жалақысын арттыру үшін, бюджеттен әр грантқа бөлінетін қаражат көлемін көбейту керек", - деп жазды Асхат Аймағамбетов.
Сондықтан, түзетулерімізге байланысты Комитеттің депутаттары магистратурада оқу бойынша бюджеттен университеттерге төленетін гранттың құнын еселеп көбейтуді, ал бакалавриаттың соммасын тиісті пайызға өсіру бойынша қаражат бөлу туралы нақты ұсынысты заң жобасына берген.