Қазақстанда кәсіптік білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы жасалып жатыр
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Talap коммерциялық емес акционерлік қоғамы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ақпараттық картасын әзірлеуде,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл платформа елдегі колледждер туралы кешенді әрі өзекті деректерді бір цифрлық картада және ыңғайлы форматта ұсынады.
Интерактивті карта пайдаланушыға қажетті өңірді тез таңдауға және сол аймақтағы колледждердің, студенттер мен оқытушылардың санын, жатақханалар, спорт залдары және өзге де нысандар, даярлық бағыттары мен мамандықтар тізімі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Платформа облыстар, аудандар, нақты колледждер және білім беру бағдарламалары бойынша икемді жүйемен жабдықталған.
Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру картасының өзекті нұсқасы сайтта орналастырылған. Пилоттық жүйені іске қосу 2025 жылдың шілде айына жоспарланған. Жүйе «Talap» КЕАҚ ресми сайтында және map.talap.edu.kz/map мекенжайы бойынша қолжетімді.
Айта кетейік, жасанды интеллект саласында 25 білім беру бағдарламасы әзірленді.