Математикадан екі халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанды

483

Фото: НИШҚарағандылық Рахым Баймұрзин математикадан екі халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанды.

Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Рахым Баймұрзин XXXIII халықаралық Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасы және ХХ Халықаралық «Жібек жолы» математикалық олимпиадасына қатысты.

Ол Халықаралық Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. «Жібек жолы» олимпиадасында үшінші орын алды.

 Биыл Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасына 38 елдің өкілдері қатысты: Аргентина, Аустралия, Канада, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Филиппин, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Тайвань, Тәжікстан, Түрікменстан, АҚШ, Түркия және т. б.

 «Жібек жолы» Халықаралық математикалық олимпиадасына Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің: Қытай, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және т. б. оқушылары қатысты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.