Мектеп бітірушілер табысталған аттестаттарын қоқыс жәшігіне лақтырды

1 641

Әлеуметтік желіде аттестаттарын қоқыс жәшігіне лақтырған оқушылардың әрекеті жұрт наразылығын тудырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Аттестатты қоқысқа лақтырған оқушылардың әрекетіне қатысты желіде дау туды. Көптеген желі қолданушылары аттестатта тұрған мемлекеттік рәміздге құрметсіздік көрсетілгеніне наразылық білдірді. Өйткені құжатта елдің елтаңбасы бейнеленген.


Біреулер бұл адамдарды жауапқа тартуды ұсынды. Алайда оқушыларды жақтап, олардың әрекетін білім сапасыздығымен түсіндірмек жандар да табылды.


"11 жыл бойы тегін оқығандарына рахметтері осы ма?”, “Ата-аналарының еңбегін осылай ақтаған екен”, “Не деген масқара, жазаға тарту қажет”, “Балалардың оқу сапасына көңілі қалғандары көрініп тұр ғой. Елімізде білім беру сапасын назарға алу керек. Жемқорлыққа толы жүйе балаларымызға жиіркенішті”, “Диплом алғаннан кейін мамандық бойынша жұмыс таба алмайсыз. Дипломның қайда жатқанының еш маңызы жоқ. Қоқыс жәшігінде ме, әлде үйдегі сандықта ма, бәрібір…”, – деп жарыса жазды желідегілер. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.