Студенттер әлемнің 152 мемлекетінде танылған сертификат ала алады

2 242

Фото: Pixabay.comЖұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық және кәсіптік білім алушылардың кәсіби дағдыларын танудың жаңа тәсілі,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Халықаралық сертификаттау жүйесі Certiport платформасы негізінде іске қосылып, қазіргі таңда пилоттық режимде еліміздің бес колледжінде қолжетімді. Қазақстандағы алғашқы ресми тестілеу орталығы (CATC) «Talap» КЕАҚ базасында ашылды.

Certiport — бұл цифрлық технологиялар мен кеңсе бағдарламалары саласында кәсіби сертификаттауға бағытталған халықаралық платформа. Ол білім беру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі — Ұлыбританиялық Pearson компаниясының құрамына кіреді.

Certiport сертификаттары әлемнің 152 елінде танылған, олардың қатарында — АҚШ, Канада, Еуропа, Азия, Австралия және Таяу Шығыс елдері бар.

Бұл қазақстандық колледж студенттерінің өз дағдыларын халықаралық стандарттар бойынша дәлелдеп, шетелдік жұмыс берушілер тарапынан танылуына, шетелде тағылымдамадан өтіп, жұмыс табуда артықшылыққа ие болуына және жаһандық еңбек нарығына шығуына мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда колледж түлектеріне тек диплом емес, нақты дағдыларын растауы да қажет болуда. Халықаралық сертификаттау оларға Қазақстанда да, шетелде де жаңа мансаптық мүмкіндіктер ашады», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.