Қазақстандық студенттердің 30%-ы визадан қағылып жатыр
Қазақстандық студенттердің АҚШ-та білім алу мүмкіндігі күрт қиындап барады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.
«Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында іріктеуден өткен үміткерлер үшін шетелдік виза алу мәселесі өзекті болып отыр. Ресми мәліметтерге сәйкес, кейбір жағдайларда талапкерлердің шамамен 30% пайызына дейін виза берілмейді.
Бұл туралы Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Оның айтуынша, мәселе үміткерлердің білім деңгейінде немесе құжаттарының толық болмауында емес, керісінше, қабылдаушы елдердің визалық талаптарының күшеюіне байланысты. АҚШ тарапынан визалық бақылаудың қатаңдауы байқалады. Соның салдарынан кейбір студенттер барлық талаптарға сай болғанына қарамастан, виза алуда қиындықтарға тап болып отыр.
Министрдің сөзінше, мұндай жағдайда үміткерлердің оқу жоспарлары өзгеріп, олар балама бағыттарды қарастыруға мәжбүр болады. Яғни, виза берілмеген жағдайда студенттерді басқа елдердің жоғары оқу орындарына орналастыру тетіктері іске қосылады. Қазіргі таңда рып жатыр. Бұл студенттердің білім алу процесін тоқтатпай, бағдарламаның тиімділігін сақтауға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта визалық рәсімдерге байланысты тәуекелдерді азайту үшін алдын ала дайындықты күшейту және бағыттарды әртараптандыру маңызды болмақ.







