Шымкентте шетелдік студент өлі табылды

2 195

Шымкентте Үндістаннан келген студент түсініксіз жағдайда көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол медициналық академияда оқыған.

"Ер адамның өлімі дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, өлім себебі – жүректің тоқтауы", – деп мәлімдеді Шымкент ПД.

Жігіттің денесі өзі тұратын пәтерден табылған.

Полиция департаментінің мәліметінше, өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.


"Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – деп қосты ведомство.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.