Димаш Құдайбергеннің әкесі қазақ тілі пәнінің атын өзгертуді ұсынды

2 507

Фото: instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtarТанымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев мектептердегі «Қазақ тілі» пәнін «Мемлекеттік тіл» деп атауды ұсынды, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Оның пікірінше, бұл өзгеріс жас ұрпақтың қазақ тіліне деген құрметін арттыруға ықпал етеді.
Қанат Айтбаев бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол мемлекеттік тілдің маңызын оқушылардың санасына мектеп кезінен бастап сіңіру қажет екенін атап өтті.

Оның айтуынша, пән атауын өзгерту балалардың сабаққа деген көзқарасына да әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ ол мемлекеттік тілге немқұрайлы қарауды мемлекетке деген құрметсіздікпен байланыстырып, оқушылардың пәнді жауапкершілікпен меңгеруі маңызды екенін жеткізді.

Бұдан бөлек, Қанат Айтбаев мемлекеттік тіл пәнінен алынған емтихан нәтижелеріне ерекше мән беруді ұсынды. Оның пікірінше, бұл көрсеткіш жоғары оқу орнына түсу кезінде маңызды өлшемдердің бірі болуы керек.

Ол мұндай бастама балалардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттырып, оны күнделікті өмірде қадірлеуге үйретеді деп санайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.