Мамандығым мақтанышым
478
Мамандықтың түрі көп. Әрбірі маңызды, адамзат өмірінің бір саласы саналады. Сонымен қатар, қоғаммен бірге жаңарып, жасарып отырады. Мен кітапханашымын. Бүгінде кітапхана тек пайдалы ақпарат алу емес, кездесу мен қарым-қатынас ошағына айналып отыр. Сәйкесінше, кітапханашының қызмет аясы да кеңейіп келеді. Бүгінгі кітапханашы библиографиялық тізім құрастыру кезінде – тиянақты, жан-жақты ғалымның, жаппай іс-шара өткізу кезінде – драматург, режиссердің, сондай-ақ жазушы, психолог, мұғалім, дизайнер және әкімшінің міндетін қатар атқаратын маман. Сонымен қатар, кітапханашы кітапхана қоры мен каталогтарын меңгере алуы, оқырмандарға қызмет ету үшін қажетті кәсіби дағдыларға ие болуы қажет. Толассыз ақпарат ағынының ішінен қажетті дәйек пен деректі таба білу үшін түрлі саладан хабардар болуы да маңызды.
«Еркіндік ең әуелі кітапханаға бару үшін керек» деген сөз бүгінгі заманның ең танымал тәмсілінің бірі. Оған қоса, әлемдегі ең бай адам – негізгі кәсібі кітап сатушы Джефф Безос екенін ескерсек, халықтың кітап оқу мәдениетін арттыруға үлес қосудың ең игі істердің бірі екенін өздігінен түсінікті болмақ. Кітапхана ісіндегі бес жылдық тәжірибемде ұғынған ең маңызды нәрсе – адамның рухани өркендеуінде шек жоқ. Сондықтан, өзіңді дамыту, өзіңді тәрбиелеуің, өмір алға тартқан жаңа нәрсенің бәрін игере білу керек. Менің ойымша, бұл мамандық иелері жанашыр, сезімтал, сыпайы, мұқият болуы керек. Осы қасиеттермен ұжымда психологиялық тұрғыдан қолайлы және шығармашыл атмосфераны құру оңай болады. Мұндай орта әрине, оқырмандармен қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Себебі оқудан, қарым-қатынастан, бос уақытты ұйымдастырудан да басқа, адамдарға кейде психологиялық қолдау ғана қажет.
Кітапханашының әр күні ерекше, себебі әр күн жаңа нәрсемен таныстырады. Бүгінгі оқырман қандай болады? Қандай себеппен келеді? Оған не ұсынып, ілім-білімге қызығушылығын қалай оятқан жөн? Кітапханашы күн сайын оқырмандармен жұмыс жасағанда, кітап таңдауда, оқуда, кәсіби қызметте көмектескенде, сондай-ақ қызықты және танымдық іс-шаралар ұйымдастырғанда адамдардың алғысын, күш-жігерінің қайтарымын сезінеді. Сол арқылы өз ісінің пайдалы әрі қажет екенін ұғынады. Мамандығына деген мақтанышы оянады. Маман иесі үшін ең бастысы да сол!
Сырдария ауданы Жетікөл ауылы
№174 орта мектеп кітапханашысы,
Арайлым СЫРЫМБЕТОВА