Елімізде оқулықтар 100% цифрландырылды
Бүгінгі таңда мектеп оқулықтарын цифрлық форматқа көшіру процесі 100%-ға орындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Барлық оқу материалдары мемлекеттік сараптамадан сәтті өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Цифрлық оқулықтар елдің 13 баспасы ұсынған 11 платформада әзірленуде.
Сонымен қатар робототехника, STEM, химия, физика және биология бойынша 1345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылдың соңына дейін еліміздің 20 өңіріндегі 1072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталатын болады.
Қаз
Рус






